15:31, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
2012 жылғы достастық кубогында Қазақстанның жастар құрамасы «А» тобында өнер көрсетеді
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Футболдан 2012 жылғы достастық кубогына Қазақстанның жастар құрамасы қатысады.
Қазақстанның футбол федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 2012 жылғы достастық кубогі сарапқа салынатын айтулы дода 19 қаңтарда Санкт-Петербор қаласында бастау алады. Қазақстан «А» тобында тартысқа түсетін болады және еліміздің командасына қарсылас ретінде Ресей, Эстония, Түркменстан елдерінің құрамалары белгіленді.
Қазақстан құрамасының бірінші ойыны 19 қаңтарда Ресеймен, 20 қаңтарда Түркменстанмен, сондай-ақ 22 қаңтарда Эстониямен өтуі жоспарланып отыр. Жалпы бұл турнирге әлемнің 12 елінің жастар құрамасы тартысқа түседі.