2012 жылғы қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5 пайызға төмендеді

өңдеу өнеркәсібінде 0,1% төмендеді. Өндірілген өнім 0,5%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтер 0,3% арзандады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен айда бағаның сұйытылған мазутқа 4,8%, металл кендеріне - 3,7%, көмірге - 1,4%, мұнайға - 0,8%, табиғи газға - 0,7%-ға төмендегені, керісінше, керосинге - 11,3%, сұйытылған пропан мен бутанға - 4,2%, дизельдік отынға - 2,8%, бензинге 2,6%-ға жоғарылағаны тіркелді.
Бір айда баға мырышқа 11%-ға, қорғасынға - 7,4%, ферроқорытпаларға - 5,3%, өңделмеген алюминийге - 2,8%, қара металдар илегіне - 0,8% төмендеді, асыл металдарға - 3,9%-ға, мысқа 0,4% жоғарылады.
Қара бидай ұны 6,1%-ға, бидай ұны - 3,8%, құс еті - 2,5%, макарон өнімдері - 1,5%, балық - 0,9%, сүт өнімдері - 0,3% қымбаттады, жармалар - 2%-ға, өсімдік майы 0,4% арзандады.