2012 жылы тараздық жолаушы тасымалдаушылары 75 жаңа автобус сатып алады

ТАРАЗ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы тараздық жолаушы тасымалдаушылары 75 жаңа автобус сатып алады, деп хабарлады Тараз қаласының әкімдігінен.
None
None

Бүгінгі күні қалада жолаушыларды тасымалдауды іске асыратын 13 көлік ұйымы бар. 53 бағдармен жүретін тараздық автобустардың жалпы саны 653 бірлікті құрайды.

«Жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты 2011 жылдың шілде айынан бастап қалалық автобустар мен троллейбустардағы жол жүру ақысы 30 теңгеден 45 теңгеге дейін, ал шағын автобустарда - 40 теңгеден 55 теңгеге дейін өскен. Осы арқылы тасымалдаушылар өткен жылы 60 автобус сатып алды, биыл тағы 75-ін сатып алуды жоспарлап отыр», - дейді Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков.

Жыл басынан бері тараздық көлік паркі орташа көлемдегі 48 жаңа бағдарлық автобуспен және көшелерді тазалауға арналған арнайы техникамен толықты.

Жаңа автобустар 7 қалалық бағдар бойынша ескіріп қалған автобустардың орнын басты. 

Соңғы жаңалықтар