2012 жылы жаңа лизингтік мәмілелер көлемі $700 млн-ға дейін өсуі мүмкін

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялардың біріккен лизинг қоржынының көлемі 2011 жылының басында 1,24 млрд. АҚШ долларын құрады.
None
None

Аталған көрсеткіш 2014 жылға дейін жаңа жобалар санының артуы арқылы екі есе өсуі мүмкін. Бұл  болжамдарды «БРК-Лизинг» АҚ сараптама тобы хабарлайды.  Қазақстанда 2010-2011 жылдар аралығында жаңа лизингтік келісімдер көлемі ортажылдық есеппен 400 млн. АҚШ доллар құрады. Сарапшылардың пайымдауынша, жуық арада жаңа жобалар сомасы лизинг нарығында екі есе өсіп, 700 млн.АҚШ долларын құрайды. Жаңа жобалардың 30 пайызы «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында іске асырылады. 

«Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында қазақстандық компаниялардың  лизинг қоржынында өндеу өндірісі үлесінің өсуін күтеміз. Шетелдік инженерлік-техникалық мамандарды тарту және кәсіпорынды жаңғырту жобасының сараптамасын дайындауға жұмсалатын шығынның  тең жартысын өтеу, кұрал-жабдықты 7,5 жеңілдетілген пайызбен лизинг арқылы қолданысқа беру - осындай нақты қолдау  тетіктері Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен іске асырылып жатқан бағдарламада қарастырылған», - деп мәлімдеді «ҚДБ-Лизинг» АҚ жобалық және салалық сараптама департаментінің бастығы Бауыржан Ережепов.

Жалпы, кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы қазақстандық лизинг нарығының дамуына оң  әсерін тигізбек. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірі бойынша, теміржол және әуежай техникасы, теңіз кемелері және коммерциялық жылжымайтын мүлік лизингі нарықтың өсуіне ықпал тигізетін  негізгі дамушы бағыттары болмақ. Жалпы, жақын арада отандық лизинг нарығы  дәстүрлі бағыттардан (ауылшаруашылық және құрылыс техника, жолаушылар көлігі)  жаңа  капитал сиымдылығы мол салаларға  бет бұруда.

ҚазАқпарат анықтамасы: Лизинг - өндірістік өнеркәсіптерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ең нәтижелі үлгілерінің бірі болып есептеледі және жекеменшікке  сатып алу мүмкіндігі қарастырылған ұзақ мерзімді жалға беру қаржылық құралы болып табылады. Халықаралық лизинг нарығының көшбасшылары болып табылатын АҚШ, Германия, Жапон, Франция және Қытай мемлекеттері ақырғы жылдары қарқынды өсу серпінін көрсетуде.Сондықтан, қазақстандық лизинг нарығының дамуы дүниежүзілік лизинг нарығындағы негізгі үрдістерге сай. 

«ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы - «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамның құзырлық  ұйымы. ҚР экономикасының өндірістік  секторын және инфрақұрылымдық жобаларын дамытуға бағытталған  лизингілік қаржыландыруды іске асырады. Бүгінгі таңда «БРК-Лизинг» АҚ «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар