2013 жылды біз қазақ драматургиясына арнаймыз - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі

АЛМАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 2013 жылы репертуарына жаңадан 8 қойылымды енгізбек. Бұл туралы театрдың көркемдік жетекшісі Дунай Еспаев өнер ұжымының Алматыдағы гастрольдік сапары кезінде айтты.
None
None

«Біз қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрынан кейінгі ең байырғы үлкен театрмыз. Қазір біздің труппада 40 адам бар. Оның басым бөлігі жастар. Жылына орта есеппен жаңадан 5-6 қойылымды сахналап жүрміз. Мәселен былтыр 11 қойылым қойдық», - дейді Д.Еспаев. Оның айтуынша, алдағы жылы театр өз репертуарын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Еңлік-Кебек», «Ай тұтылған түн» сияқты классикалық қойылымдарды сахналамақ. Сондай-ақ қазіргі заманғы драматургтердің шығармаларына таңдау жасалып жатыр. Олардан бір комедия мен бір драмалық қойылым  қою жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар