2013 жылдың қаңтарынан банктер халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшеді - Е. Досаев

 АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат -Еліміздегі банктік жүйелер 2013 жылдың 1 қаңтарынан  банктік жүйелер қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына көшеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев мәлім етті.  

Министрдің айтуынша, аталған шара банк секторын әлсіретпейді. «Халықаралық талаптарға сәйкес, банктік жүйелер де өзгеріске түсуі шарт. Мәселен, бұған дейін олар сенімсіз, күдігі басым борыштарды транзитте ұстап келсе, халықаралық есептілікке сәйкес, олар біржаққа шығарылуы керек. Сондықтан да, бұндай шара қажет», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар министр базалық мәселелер бойынша банктердің өзі жаңа клиенттер тартуға мүдделі екенін айтты. «Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда банктердің еркін айналысында жүрген өтемпаздық мөлшерлерін олар орналастырғысы келмейді емес. Мұндағы проблема басқада. Ал алдағы уақытта банктер долларға қарай емес, теңгеге қарай жасалатын клиенттер тартуға мүдделілік арта түседі. Сонымен қатар, протфельдер ауқымы да теңгеге қарай артатын болады», - деді министр. Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан 2013-2015 жылдар мерзіміндегі орта мерзімді кезеңде қолданылатын жаңа шаралар топтамасын қарастырып жатқанын мәлімдеді. «Бұнда банктер арқылы әртүрлі жобаларды қаржыландыруды ынталандырудың жаңа құралдары да қаралады. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қаржыландыру шаралары да баршылық», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар