10:28, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
2013 жылдың маусымында Қашаған кен орнында тәулігіне 75 мың баррель мұнай өндірілетін болады
АТЫРАУ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың маусымында Каспий теңізінің шельфінде Қашаған кен орны мұнай өндірудің коммерциялық деңгейіне көшеді, деп хабарлады «Продакшн Оперейшнс Компани Б.В.» ҰҚ-ның атқарушы директоры Ханс Баккер.

«Біз Қазақстанның Үкіметіне келесі жылдың маусымында мұнай өндіруді бастау міндеттемесін бердік. Бірақ өндіру жұмыстары ертерек басталады - көктемде. Ол коммерциялық өндіру болмайды. 2013 жылдың көктемінде бастап, маусым айына қарай коммерциялық өндіруге шығуды жоспарлаудамыз. Ол тәулігіне 75 мың баррель мұнайды құрауы тиіс», - деді Х.Баккер.
Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында табылған Қашаған мұнай кен орнында мамандардың бағалауынша шамамен 30 млрд. баррель мұнай қоры бар.