2013 жылға дейін Талдықорған аймағына газ тартылады
Талдықорған аймағына 2013 жылға дейін газ тарту жоспары бойынша негізгі тұтынушыларды қатты және сұйық отыннан «көгілдір отынға» ауыстыру қарастырылып отыр, соның нәтижесінде алдағы келешекте қаржы үнемдеуге қол жеткізілмек.
Талдықорған аймағы жұртшылығы көгілдір отын пайдалануға қол жеткізбек. Бұл жөніндегі қоғамдық тыңдауды облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен КАТЭК ғылыми-жобалау компаниясы бірлесіп өткізді.
«КАТЭК» ЖШС бас директоры Құндыз Нуповтың айтуынша, бұл елімізде қолға алынып жатқан ең үлкен, ауқымды жобаның бірі. Газ «Алматы-Талдықорған» магистральдық жобасы негізінде іске асырылады. Тартылатын құбырдың диаметрі 530 мм, қалыңдығы 6-10 мм-ді құрайды деп күтілуде. Магистральдық газ құбыры мен оның тармақтары облыс халқының 40 пайызын газбен қамтамасыз етеді.
Жобаның құны 33,5 миллиард теңгені құрайды