2013 жылғы сәуірде өнеркәсіптік өнім өндіретін кәсіпорындардың бағасы 2,3 пайызға төмендеді

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде тау-кен өндіру өнеркәсібінде баға 3,2 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 0,6 пайызға төмендеді. Өндірілген өнім 2,5 пайызға арзандап, өндірістік мазмұндағы қызмет 0,1 пайызға қымбаттады.
None
None

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Өткен айда газ конденсатына баға 4,1 пайызға төмендеді, мұнайға - 4 пайызға, пропан және бутан сұйытылған газ құны 3,9 пайызға, табиғи газ- 2,3 пайызға, дизель отыны - 2,2 пайызға, сондай-ақ бензин бағасы - 1,4 пайыз деңгейінде арзандады. Бұдан бөлек, жағатын мазут құны 1,4 пайызға артты.

Бір айдың ішінде қорғасын мен мырыш бағасы 8,2 пайызға, өңделмеген алюминий - 7,1 пайызға, жез - 3,5 пайызға, асыл металл - 2,5 пайызға, қара металл прокаты - 1,2 пайызға төмен болса, сонымен қатар ферроқорытпалар құны 0,9 пайызға жоғарылады.

Құс еті - 3,3 пайызға, өсімдік майы- 1,9 пайызға, бидай ұны - 1,3 пайыз деңгейінде, қант - 1 пайызға, балық - 0,9 пайыз арзандаса, сүт өнімдері мен нан - 0,4 пайызға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар