18:45, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
2013 жылы Беларусь ТМД мемлекет басшылары кеңесіне төрағалық етеді
АШХАБАД. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Түрікменстан астанасы Ашғабадта ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшылары кеңесіне Беларусь елі төрағалық ететіндігі белгілі болды.

Бұл туралы Түрікменстан Президенті Қурбанқұлы Бердімұхамедов мәлім етті.
«Шағын құрамдағы отырысы барысында біздер 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшылары кеңесіне Беларусь Республикасы төрағалық етеді деген ортақ ұйғарымға келдік», - деп атап өткен ол осы жауапты лауазымда Александр Лукашенкоға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев ТМД мемлекеттері басшыларының келесі отырысы 2013 жылы қазанда Беларусь елінде өтетіндігін жария етті.
Еске сала кетейік, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына елбасы нұрсұлтан Назарбаев қатсты.