2013 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6 пайызды құрайды - Е. Досаев

АСТАНА.  17 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6 пайызды құрайды. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
None
None

Министрдің айтуынша, нақты даму көрсеткіштері бойынша 2013 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6 пайызды, 2014 жылы  6,1 пайыз, 2015 жылы 7,6 пайызды құрайды. Жан басына шаққанда ЖІӨ 2013 жылы 14 мың долларды құраса, 2017 жылға қарай көрсеткіш 24 мың долларға дейін өсетіні болжанады. Инфляция деңгейі аталған кезеңде 6,0-8,0 пайыздық дәліз шеңберінде белгіленген.

Болжам консенсусы бойынша мұнайдың бағасы барреліне 2013 жылы 90 доллар, ал 2014-2015 жылдары  88,5 доллар деңгейінде күтіледі. Ал металл бағасы қазіргіден 15 пайызға төмендейтіні болжанған.

Соңғы жаңалықтар