2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер әзірленеді

СТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер әзірленеді.
None
None

Бұл туралы бүгін 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған ҚР Үкіметінің отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Орта мерзімге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің өзектілігі болжамының негізінде 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер әзірленеді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын қалыптастыру жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында анықталған тәсілдермен жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар