2014 жылға дейін Қазақстан Үндістанға 2 мың тоннадан астам уран жеткізеді - Елбасы

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2014 жылға дейін Қазақстан Үндістанға 2 мың тоннадан астам уран жеткізеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Біз атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалануда ынтымақтастық келісімін бекіттік. Үндістан атом электр стансаларының энергия өндіру көлемін 5 есеге арттыруды көздеп отыр»,-деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы оны өңдеу бойынша бұдан кейінгі келісім өте маңызды екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар