2014 жылы бірқатар өңірлердегі амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландырудағы теңсіздік проблемасы шешіледі - С.Қайырбекова

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 2014 жылы бірқатар өңірлердегі амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландырудағы теңсіздік проблемасы шешіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова айтты.
None
None

«Қазіргі уақытта республиканың бірқатар өңірлерінде амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыруда айтарлықтай теңсіздік байқалады, онда айырмашылықтың ұлғаю үрдісі бар. Осы мәселені өзіңіз қолдадыңыз және 2014 жылдан бастап біз осы проблеманы шешетін боламыз»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, ана мен бала мәселелері де барынша өзекті. 3 жылда ана өлімі жағдайының саны 4 есеге, бала өлімі 25 пайызға қысқарды. Ана мен нәресте өлімін төмендету халықаралық перинаталдық технологияларды енгізу нәтижесінде мүмкін болып отыр.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне экстракорпоралдық ұрықтандыру бойынша қызметтер енгізіліп, 2011 жылға қарағанда 6 есеге өсті. Қазақстан балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды бастаған кеңес үкіметінен кейінгі бірінші ел. Бүгінгі таңда 450 мыңнан астам бала егілді. Жаңа туған нәрестелер хирургиясының қызметі белсенді түрде дамуда»,- деді С.Қайырбекова.

Соңғы жаңалықтар