2014 жылы «Маңғыстау ҮЭК» 9 шағын стансаны қайта жаңғыртты (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2014 жылы «МҮЭК» АҚ инвестициялық жоба аясында Маңғыстау облысында 9 шағын стансаны қайта жаңғыртты. Бүгін баспасөз туры шеңберінде журналистер Өмірзақ ауылында орналасқан шағын стансалардың біріне барды.
None
None

Станса 2009 жылы бұзылған бұрынғы орнына салынды. Жаңа ғимаратқа жылдам тұтану қатерін тудыратын майлы ажыратқыштың орнына заманауи үлгідегі ваккумдық ажыратқыш орнатылды. Станса жұмысы автоматтандырылған. Қажет болған жағдайда, оны Ақтау қаласындағы орталық диспетчерлік пункттен басқаруға болады. «Өмірзақ 110/10/6» стансасы ауылдың бір бөлігі мен барлық өнеркәсіптік аймақты қамтамасыз етеді. Қазір ол 25 МВатт қуатпен 30%-ға жүктелген. Арнайы экономикалық аймақ жаңа өнеркәсіптік нысандармен толыққан кезде жүктеме де арта түспек. Еске салсақ, биылғы жылы - 5, келесі жылы - 9 зауытты іске қосу жоспарлануда. «Инвестициялық жоспар бойынша жыл сайын бірнеше нысан қайта жаңғыртылады. Себебі стансалардың көбі ескірген. Тіпті бұл 89 пайызды құрайды», - деді «МҮЭК» АҚ бас инженері Жақсылық Сағымбеков. Стансада еліміз бойынша алғаш рет электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілген. «Бұдан бұрын есепке алу аспабынан көрсеткіш алу үшін стансаға бару қажет болатын. Қазір орталық пункт диспетчері автоматты түрде көрсеткіш деректерін көре алады. Автоматтандырылған жүйе «МАЭК-Қазатомөнеркәсіптен» ЖШС-дан сатып алынатын, тұтынушыларға таратылатын электр энергиясының мөлшерін толықтай есептей алады. Бұл бағдарламаны Маңғыстау облысы бірінші болып енгізді», - деді «МҮЭК» АҚ-ның даму жөніндегі басқарушы директоры Я.Тастеміров. 2014 жылы кәсіпорынға құйылған инвестиция көлемі 3,5 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар