2015 жылдан бастап Әскери-теңіз күштеріне «Отбасы күні» аталатын жаңа қағидат енгізіледі

«2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жемісті де тиімді жұмысқа ынталандыратын жаңа қағидат енгізілді. Айына екі рет, жұма күндері әскери қызметшілер заңды негізде жеке мәселелерін шешу үшін жұмыстан босай алады. Жұмыс сағаттарының саны тиісінше, азаяды. Бірақ жұмыс көлемі бұрынғы қалпынада қалады. Әскер қызметшілер басшылықтың бағынысты қызметкерлерге түсіністік танытқанын сезіне отырып, алаңсыз демалу үшін алдарына қойған міндеттерді жедел ойдағыдай орындауға бар күштерін салады», - деп атап өтті Ж. Жанзақов.
Контр-адмирал қызметке деген нақты өнімділікпен қоса, моральдық тұрғыдан да қамқорлық танытуымыз қажет екендігін айтты.
«Осылайша әскери қызметшілердің қызмет жағдайын жақсартамыз. Әрине, бұл - ерекше жұмыс түрі, кезекшіліктер, тәуліктік нарядтар бар. Қалай болғанда да, әскери қызметшілер өздерін жайлы сезінулері қажет», - деп сөзін түйіндеді ол.