2015 жылдың І жартыжылдығында инновациялық гранттарды алуға келіп түскен өтінімдердің өсімі 35% құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДҰА) АҚ ұсынылатын инновациялық гранттарды алу үшін өтінімдердің өсімі байқалып отыр. Бұл туралы Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

2015 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде 123 өтінім келіп түсті, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35% жоғары (91 өтінім).

Бүгінгі күні жалпы сомасы 60,3 млн. теңгеге инновациялық грант берілді. Берілген гранттардың арасында басым бөлігі технологияларды коммерциаландыруға бағытталған.

Басым бағыттар бойынша қарастыратын болсақ, гранттардың басым бөлігі ақпараттық-коммуникативтік салада тапсырылған, бұдан басқа бір гранттан баламалы энергетика саласында, сонымен қатар жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғандағы машина жасаудың прогрессивті технологиялары саласында ұсынылған.

Қазіргі уақытта «ТДҰА» АҚ-мен инновациялық гранттарды беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Гранттардың жаңа түрін енгізу, гранттардың жеке түрлері бойынша соманы ұлғайту және өтінімдерді қарастыру рәсімін жеңілдету жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Инновациялық гранттарды беру ережелерін бекіту туралы» тиісті бұйрықтың жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдарға келісуге жолданған.

Соңғы жаңалықтар