14:02, 27 Қазан 2015 | GMT +5
2015 жылдың соңында Қазақстанда геологиялық есептердің е-картотекасы жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың соңында Қазақстанда геологиялық есептердің электронды картотекасы жасалады.
Бұл туралы бүгін ОҚК баспасөз мәслиxатында ҚР ИДМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті. "Геологиялық есептердің электронды картотекасы барлық Қазақстан бойынша атқарылған барлау жұмыстарының анықтамалық ақпараттарын қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ол. Оның айтуынша, ҚР ИДМ "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында геологиялық саланы трансформациялауды жоспарлауда. Ұлт жоспарының 74-ші қадамына сәйкес, геологиялық қазбалардың есебінің жаңа xалықаралық стандарттарына көшу қарастырылған.