2015 жылы Қазақстанда 37 ұшақтың ұшуына тыйым салынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Қазақстанда инспекциялық тексерулердің қорытындысына сай, төрт әуекомпанияның куәлігі кері қайтарылған. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған баспасөз мәслихатында ҚР Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.
None
None

«2015 жылы әуе компаниясының жұмысына инспекциялық тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктер мен сертификаттың сай келмеуіне байланысты, төрт әуе компаниясының куәлігін кері қайтардық. 37 ұшақтың ұшуына тыйым салынды. Сондай-ақ, әуе компанияларында 24 адамның жұмыс істеу куәлігі кері қайтарылды», - деп хабарлады Б.Сейдахметов.

Комитет төрағасы түсіндіргендей, қазір ұшақтың ұшуына рұқсат беретін сертификат бір жылға беріледі. Ал, су жаңа ұшақ болса немесе ұшақ күрделі жөндеуден өткен болса, ұшуға рұқсат беру сертификаты бір жылды құрайды. Аэродромдар жағдайына қарай, 5 жылға дейін сертификатталады.

Соңғы жаңалықтар