2015 жылы Қазақстанда 8 мың «Шкода» көлігі шығарылады

Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың табысты да мысалдары бар екендігін баса айтқан Елбасы: «Машина жасау саласында өте терең іскерлік байланыстар бар екендігін атап өткім келеді. Ол - «Шкода» көлігін шығаратын «Азия авто». Бірлескен жұмыстар қолға алынған кезеңде 15 мың автомобиль шығарылды. Тек келесі жылдың өзінде ғана 8 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді.
Сонымен қатар ҚР Президентінің атап өтуінше, екі елдің арасында үкіметаралық комиссия жұмыс істеуде. Жалпы, Қазақстан мен Чехияның бірлесіп жұмыс істеуі үшін әлі де болса көптеген сала бар.
«Мен Президент мырзаға Қазақстанның индустрияландырудың екінші фазасына кіріскенін айттым. Онда ондаған миллиард доллар игерілетін болады. Оған чех компаниялары да қатыса алады», - деді Мемлекет басшысы.