«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы Үкімет Қаулысының жобасы қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы ҚР Үкіметі Қаулысының жобасы қабылданды.
None
None

Аталған қаулы жобасы бойынша Үкіметте ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. «Сіздердің қарауларыңызға «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы ҚР Үкіметі Қаулысының жобасы енгізіп отыр. Қаулы жобасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылды және жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттердің сомасын бөлуді қамтиды», - деді ҚР Қаржы министрі. Сонымен қатар құжат келесі үш жылға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін, республикалық бюджеттің жобасына енгізілген кейінге қалдыру шарттары бар өте маңызды әрі жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған 2016-2018 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін және алдағы жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін ескеріп отыр.

Соңғы жаңалықтар