2016 жылдан әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның шекті мәндері белгіленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу үшін,бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу үшін, 2016-2017 жылдары оларға бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленетін болады, бұл құзыреттілік 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап алынып тасталады», - деді Е.Досаев. 2016 жылғы наурызда елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлайтын болса, аз қамтылған отбасыларға қосымша мақсатты көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізілетін болады. Мұнымен қоса ол 2016-2018 жылдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тауарлық интервенциялар жүргізу, ресурстарды тиімді пайдалану және уақтылы толықтыру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысы жалғасатынын жеткізді. «Жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында 2016 жылы өңірлік Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарларын іске асыру жалғастырылатын болады және кадрларға қажеттілікті айқындау арқылы жұмыскерлердің босатылуы мен жаңадан құрылатын жұмыс орындарының жиынтық картасы өзектендіріледі», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар