02:43, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
2017 жылдың 1 сәуірінен бастап ЕАЭО аумағына ұшақпен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабарлау міндетті болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына ұшақпен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабарлау міндетті болады. Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясы осындай шешім қабылдады, деп хабарлады БЕЛТА ЕЭК баспасөз қызметіне сілтемемен.
«Бұл шешім одақтың кедендік органдарына тауарға қатысты алдын ала талдау жасауға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде тауар одақ аумағына келмес бұрын кедендік бақылау жасау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажет», - деп түсіндірді ЕЭК.
Қазіргі сәтте ЕАЭО аумағына теміржол және автокөлік арқылы әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабарлау міндетті.