2017 жылға дейін Теңізде 70 ұңғыма бұрғыланатын болады

АТЫРАУ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Теңіздегі үшінші буын зауыты кен орнындағы құрылыс үдерісінде «Теңізшевройл» ЖШС 70 жаңа ұңғыма бұрғылауды жоспарлап отыр.
None
None

ТШО өндіріс бөлімінің бас менеджері Ричард Филгейттің хабарлауынша, Теңіз кен орнындағы өндірісті кеңейту жоспарына бұрғылу жұмыстарының көлемін арттыру да кіреді.

«Кен орнында 20 жаңа айдамалы ұңғыма, сондай-ақ 50-ге тарта қосымша қазба ұңғымалары бұрғыланып тесілетін болады. Сол үшін бізге 3-4 бұрғы құрылғысы қажет болады», - деді Р.Филгейт.

2017 жылға қарай Теңіздегі өндіріс көлемі кеңейтілген соң ТШО мұнай алу мөлшерін жылына 12 млн. тоннаға арттырып, оны 36 млн. тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар