2017 жылға қарай Астана әуежайы жылына 7,1 млн. жолаушыны өткізе алатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жаңа Жолдауындағы тапсырмаларды Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тыңғылықты жүзеге асыруда, деп хабарлайды Астана қ. әуежайындағы желілік полиция қызметкері Э. Төлеген.
None
None

«Нұрлы жол» - Қазақстанның әлемнің отыз озық елінің қатарына енуіне бағытталған қарышты қадамы. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» жаңа Экономикалық Саясаттың жаhандық дағдарысты жылдардың өзінде Қазақстанның экономикасын өсіретін қозғалтқышы болатынын айтты.

Сондай-ақ, Президент ЭКСПО-2017 қарсаңында Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту қолға алынатындығын нықтап айтты. Мәселен, осы жылдың өзінде-ақ Астана әуежайының максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетті. Ал, 2017 жылға қарай өткізу қабілеті жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін артпақ. Сондықтан, оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту мақсатында 29 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Демек, алдағы уақытта Астана әуежайындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне жүктелетін жауапкершілік зор болмақ. «Жолдауда жүктелген міндеттерді абыроймен орындау - біздің Отан алдындағы парызымыз», - дейді Астана қ. әуежайындағы ЖПб қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар