2017 жылғы қаңтарда көмір мен мұнай бағасы өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2017 жылғы қаңтарда кейбір өнеркәсіптік өнімдердің бағалары өскенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, өндіруші кәсіпорындар бағасы кен өндіру өнеркәсібінде 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде 1%-ға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға - 6,8%, өндірістік сипаттағы қызметтерге 2,7%-ға жоғарылады.

Дегенмен, министрліктің мәліметтері бойынша, кейбір салаларда өнім құны өсім көрсетсе, кейбірінде керісінше төмендеген.

«Өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 14,3%, көмірге - 4,4%, металл кендеріне - 3,7%, дизель отынына - 0,8%, бензинге - 0,6%, табиғи газға 0,5%-ға жоғарылады, сұйытылған пропан және бутанға 0,8%-ға төмендеді. Бағаның ферроқорытпаларға - 10,4%, мырышқа - 3%, қорғасынға - 2,8%-ға жоғарылауы, олардың асыл металдарға - 4,6%, алюминийге - 2,4%, қара металдар илегіне 1,9%-ға төмендеуі тіркелді», - делінген хабарламада.

Өндірушілер бағасының қантқа - 3,7%, қара бидай ұнына - 1,9%, сүт өнімдеріне - 1,7%, мал етіне - 1,3%, құс етіне - 1%, өсімдік майына 0,8%-ға жоғарылауы байқалды.

Соңғы жаңалықтар