2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көлемі 25 пайызға артады
«Өрлеу» ілкі жобасы Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы енгізілген болатын. Жоба бүгінге дейін өңірдегі қалалар мен барлық аудандарды қамтыды. Осы уақытқа дейін аталған жобаға 8000-нан астам адам тартылды, бұл шамамен 1900-дей отбасы. Жалпы көрсеткішті тарқатып айтар болса, 2188 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 1490 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 698 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Осылайша жобаға қатысқан облыс тұрғындарының табысы орта есеппен 3 есеге артты», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 2014 жылдан бастап қазақстандықтарға әлеуметтік көмек беудің жаңа бағыты қабылданып, осының негізінде Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысында ақшалай көмек төлемдері бойынша «Өрлеу» ілкі жобасы енгізілген болатын.
Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі. Яғни, аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға берілетін 3 түрлі мемлекеттік қолдау бұдан былай бір жәрдемақы арқылы берілетін болады. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек көлемін алдағы жылдан бастап 25 пайызға көбейту жоспарлануда.
Жалпы республика бойынша «Өрлеу» ілкі жобасы енгізілгеннен бүгінге оған 161,7 мың қазақстандық қатысты.