2019-2020 жылдары информатикадан халықаралық олимпиада Әзербайжан мен Сингапурда өтетін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2019-2020 жылдары информатикадан халықаралық олимпиада қай қалада өтетіні белгілі болды. Жас программистер Әзірбайжан мен Сингапур елдерінде бақ сынайтын болды. Бұл туралы IOI президенті Крассимир Манев айтты.
None
None

«Бүгін жетекшілер кеңесінде келесі Олимпиаданы қабылдайтын елдердің аты анықталды. 2019 жылы сайыстың қожайыны Әзербайжан болады. Онымен бірге Сингапур өкілдері де қатты ықылас білдірген соң, 2020 жылғы Олимпиаданың қожайыны ретінде Сингапурды белгіледік», - деді К.Манев.

Алматы бүгін халықаралық білім додасының туын Қазан қаласына табыстады.

Ал 2017 жылы сайыс Иранда өтеді. 2018 жылы қатысушылар Жапонияда бақ сынайтын болады.

Айта кетейік, шілденің 26 мен тамыздың 1-і аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында информатикадан халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің 83 елінен 630 делегат келді.

Отандық құраманың еншісінде 4 медаль бар екендігін атап өту керек. Бекжан Бекболатұлы мен Мейрамбек Өмірзақ, Найзабек Алтыбай (415 және 414, 402 балл) күміс медальді еншілесе, Данияр Маминов 323 балмен қола медальға қол жеткізді.

Сайыстың абсолютті чемпионы Оңтүстік Кореядан келген Джи Хак Юн екенін айта кету керек. Одан кейін ресейлік Михаил Ипатов - 561 балл, АҚШ-тан келген Эндрю Хе 555 балмен үшінші орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар