16:44, 27 Қараша 2014 | GMT +5
2019 жылы ЕАЭО-та ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру туралы келісімге қол қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы ЕАЭО-та ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру туралы келісімге қол қойылады. Бұл туралы бүгін өткен «Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ энергетикалық нарығында орталықтандырылған электр энергиясын сатудың перспективалары» атты семинарда ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, мамыр айында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің басшыларымен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылды. Осы одақ аясында ортақ электр энергетикасы нарығын құру туралы шешім қабылданған. 2019 жылға дейін біз осы бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеп, бекітуіміз қажет. Өйткені сол жылы ортақ электр энергетикасының нарығын қалыптастыру туралы келісімге қол қойылады», - деді ол. Айта кетейік, жоғарыда аталған семинарда Қазақстан, Ресей, Беларусь мамандары жиналып, үш ел арасында электр энергиясын сату туралы мәселелерді талқылауда.