2020 жылға дейінгі тілдерді дамыту бағдарламасының жобасы Павлодарда талқыланды

Мемлекеттік тілді дамытудың негізгі үш сатысы нақтыланған. Ол - теориялық бөлімді жетілдіру, тәжірибеде қолдану және оқыту нәтижелерін бекіту. Ерекше талап БАҚ-тағы қазақ тілінің тазалығына қойылады.
«Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі, деді Ж.Құрманғалиева, - орыс тілінің ұстанымын сақтау, жастардың ағылшын және өзге де шетел тілдерін үйренуге жағдай жасау. Қазіргі жас қазақстандық азамат қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білуі тиіс».
Жобаны талқылауға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясының көшбасшылары, тіл мамандары, ұстаздар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Олар атап өткендей, жаңа құжат Қазақстанда тілдерді дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың пайдалы құралы бола алады.