2020 жылға қарай Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру аясындағы өтпелі кезеңі аяқталуы мүмкін - Қ. Келімбетов

«Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, сосын Еуразиялық экономикалық одақ - бұның бәрі табандап қалған емес, керісінше ұдайы жаңғырып келе жатқан, өз кәсіпкерлерімізге жағдайлар жасап отырған алаң. Қысқа мерзімдік жоспарда алып қарасақ, біз, қазақстандық бизнес шынымен де белгілі бір бәсекелестіктерге тап болдық әрі оның жағымсыз әсеріне қарағанда жақсы тұсы мол. Бұл бизнес-практиканы жетілдіре түседі. Ал ұзақмерзімді жоспарға келсек, біз Ресей нарығына қолжетімділікті қамтыдық», -деді Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік. Еліміздегі бизнес-қауымдастығы да мұны жақсы түсінеді.
«Әрине, мүмкіндік бар, бірақ оның бәрі оңай келеді, жеңіл болады деп ешкім де уәде берген жоқ. Бұны Елбасы да атап өтті. 2020 жылға қарай Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру аясындағы өтпелі кезеңі аяқталуы мүмкін. Ендеше, одан кейінгі бәсекелестік бүгінгіден де зор болмақ. Бүгінге дейінгі протекционистік шаралар біртіндеп кетеді. Сондықтан да, қазақстандық бизнес үшін қашанда қатер бар, дегенмен бұндай қатерлер әлеуетті проблемалардан гөрі ауқымды мүмкіндіктер ұсынады»,- дейді Үкімет басшысының орынбасары.