2020 жылғы кезеңге дейін еліміздің ұлттық энергетикалық желісін дамытуға 490 миллиард теңге инвестиция салынады

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2020 жылғы кезеңге дейін еліміздің ұлттық энергетикалық желісін дамытуға барлығы 490 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «KazEnergy » қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы кеңесінің 9-шы мәжілісінде «Кеgoc» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, осы перспективалы бағдарламаны жүзеге асыру, энергетикалық қауіпсіздік, отынмен қамтамасыз ету, энергоресурстарға қол жетімділік мәселелерін шешу Қазақстанды Орталық Азия рыногындағы маңызды ойыншы жасайды.

«Іс жүзінде барлық жобалар өмірге қабілетті, пайдалы. Тиісті дайындық жағдайында олар бекітілген уақытта жүзеге асырылатын болады және еліміздің экспорттық қана емес, транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Осы орайда, ол аталмыш бағдарламаны сырттан инвестиция тартпайынша жүзеге асыру мүмкін еместігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар