2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде өтетін болды

таңдау кезінде ХОК-тың 85 делегатының 44-і Бейжің қаласына, 40-ы Алматыға дауыс берді. Дауыс беруге Қазақстан мен Қытайдан келген ХОК мүшелері және Халықаралық олимпиада комитетінің Президенті Томас Бах қатысқан жоқ. Нәтижесінде Бейжіңге 44, Алматыға 40 дауыс берілді.
Бүгін қос үміткер Алматы мен Бейжің қаласына дауыс беру рәсімінен бұрын екі қала да өздерінің соңғы таныстырылымдарын өткізді.
Таныстыру рәсімінде делегация басшысы, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, ҚР ҰОК президенті Темірхан Досмұхамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Алматы-2022 Өтінім комитеті төрағасының орынбасары Андрей Крюков, Денис Тен, Қысқы жастар Олимпиада ойындарының қатысушысы Карина Узурова, Паралимпиада ойындарының қатысушысы Жаңыл Балтабаева болды. Сондай-ақ, басқа да көптеген танымал спортшыларымыз Алматы өтінім комитетінің құрамында жұмыс істеп, өзіндік үлестерін қосты.
Өкінішке орай сенім ақталған жоқ. ХОК-тың 85 делегатының дауыс беру нәтижесінде Бейжің қаласы Алматыны басып озды. Осылайша 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында қысқы Олимпиада ойындары Қытай астанасында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы ХХІІ қысқы Олимпиада Ресейдің Сочи қаласында өткен болатын, ал ендігі ойындар Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылы ұйымдастырылады.