21 мамырдағы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалмады - Бас прокурордың орынбасары

«21 мамырдағы оқиғалар бойынша ешқандай да қылмыстық істер қозғалмағанын айтқым келеді. Адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тек төртеуі қамауға алынды. Мен адамның полицейге жұдырықпен ұмтылған кадрларды көрдім. Осыдан кейін ешқандай реакция болмайды деп ойлайсыз ба? Әрине болады. 12 адамға айппұл салынып, 21-і соттан ескерту алды. Бұдан басқа адамдар қамауға алынған жоқ»,-деді А. Кравченко Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, 30 шағым қабылданған, оның ішінде сегізі 21 мамырға қатысты. Осы шағымдарды жазған адамдарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылған жоқ және олар бостандықта жүр. Құқық қорғау органдарында оларға қатысты ешқандай да наразылық жоқ.
«Бұл шағымдарды тыңғылықты қарастыруға уәде береміз»,-деді ол.
Сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары 21 мамырда полиция тарапынан адамдардың құқығын бұзатын ешқандай дөрекілік әрекеттер болмағанына кепілдік бере алмайтынын атап өтті.
«Атап айтқанда, бейнежазбалар мен куәгерлік мәліметтер бар. Не болғанын көреміз, әр шағымды қарастырамыз»,-деді ол.
Сөз соңында А. Кравченко прокуратура қарым-қатынасқа ашық екенін, сондай-ақ барша ақпараттарды қарап отырғанын жеткізді.