21 жастағы Шымкент тұрғыны көшеде шолақ мылтықпен және тапаншамен жүрген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 21 жастағы Шымкент тұрғыны қалада шолақ мылтықпен және тапаншамен жүрген.
None
None

ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Қауіпсіз қала» шарасы аясында көшелерді аралау кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері Асқаров-Мангельдин көшелерінің қиылысында «Приора» автомобилін тоқтатты.

Көлік салонында бір топ жас болды. Барлығы 1994 және 1996 жылдары туған Шымкент тұрғындары. 21 жастағы жүргізушінің құжатын тексеру кезінде полицейлер оның көлігінен 16-шы калибрлі шолақ мылтық пен оның оғын тапты. Оғы бар «Оса» тапаншасы да табылды. Олар мұның барлығы жолаушылардың бірінікі деп айтқан. Жастардың барлығы Шымкент ІІБ Абай бөліміне жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 287 бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар