07:57, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
22 метрлі астероид Жердің жанынан өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Диаметрі 22 метрлік астериод бүгін және ертең Жерге жақын маңнан өтеді, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Соқтығысу қаупі жоқ: ғарыш денесі Жерден 300 мың шақырымдай қашықтықтан ұшып өтеді, дейді ғалымдар.
Күн жүйесінде ондаған мың астероидтар ұшып жүр. Олардың көбісі Марс пен Юпитер орбиталарының арасындағы «белдеуде» шоғырланған.