22 шілде: Туған күн иелері
ЕСІМДЕР

Грузияның Батуми қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1967 жылдан осы консерватория жанындағы опера студиясында жұмыс істеген. 1972 жылдан Қазақстан теледидары мен радиосының әншісі болды. Осы жылдан бастап ол отандық және бүкілодақтық радио мен теледидар арқылы танылды. Қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов политехникалық институтын бітірген.
Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Екі медальмен марапатталған.

1993 жылы Мәскеу энергетика институтын «жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Тынай» ШЖК коммерциялық директоры қызметінен бастады. 1994–1995 жылдары «Медкорп» ШЖК директоры болып жұмыс істеді. 1995-1998 жылдары «АСБ» ШЖК бас бухгалтері, директоры болды. 1998–2000 жылдары «Атырау МӨЗ» АҚ өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 2000–2003 жылдары «Компания Global» ЖШС коммерциялық директоры. 2003–2004 жылдары – «Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС бас директоры. 2005–2006 жылдары – Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 2006 жылғы сәуірде бастап желтоқсанға дейін – Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы. 2006–2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 2007–2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы. 2008 жылғы наурыздан маусымға дейін – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы сәуірге дейін – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаменті директоры. 2010 жылғы сәуірден маусымға дейін – «Қазақстандық Келісімшарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қарашаға дейін – «NadLoc» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2012 жылғы наурыздан шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры. 2012 жылғы шілдеден 2013 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы. 2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі лауазымдарын атқарды. 2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі (2017-2019).
Қазіргі қызметіне 2019 жылғы мамырда тағайындалды.

Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро «ҰҚ» АҚ басқарушы директор. 2008-2009 жылдары «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың шілдесінен бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты. 2009-2011 жылдары ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2011-2013 жылдары ҚР Статистика агеттігінің жауапты хатшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры. 2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақ мемлекеттік заң университетін (2003); Қазақ гуманитарлық заң университетінің магистратурасын (2005); Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын (2011) бітірген.
Еңбек жолы: мемлекеттік емес секторда әртүрлі лауазымдарды атқарған; ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қызметкері; ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі; Астана қаласы әкімі хатшылығының басшысы.
Қазіргі лауазымын 2018 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.