18:19, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
23 млн. теңгені жымқырғандары үшін сотталды
ТАРАЗ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында көші-қон комитеті департаментінің бұрынғы директоры Құрманқұл Тоқтағұлов 10 жылға бас бостандығынан айырылды, оның қол астындағы қызметкерлері ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деп айыпталды (23 млн. теңге).
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2008-2010 жылдары оралмандарды қолдау жөніндегі қор президенті Қ.Оразбаев, көші-қон департаментінің мамандары С.Ашанов, Д.Көшкімбаев пен басқа да қызметкерлер кірген Тоқтағұлов құрған қылмыстық топ көп жылдар бұрын Қазақстан азамттығын алған оралмандарды жаңадан келіп жатқан оралмандар қатарына қосып, олардың атына жәрдемақы аударып отырған.