25 жастағы ақтөбелік ұрлық жасау және қыз зорлау күдігімен ұсталды

АҚТӨБЕ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - 25 жастағы ақтөбелік ұрлық жасау және қыз зорлау күдігімен ұсталды, деп хабарлады Ақтөбе қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, құқық қорғау органындарына 26 жастағы қыз шағым жасап, өзін таяуда ғана танысқан жігіт саяжайлар аумағында зорлап, «Нокиа» ұялы телефонын ұрлап кеткендігін айтқан.

Криминалды полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында 25 жастағы ақтөбелік ұсталып, ол кінәсін мойындап отыр. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар