26 қыркүйектегі маңызды оқиғалар тізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - "ҚазАқпарат" ХАА бүгін, 26 қыркүйекте елімізде болатын маңызды оқиғалар тізбесін ұсынады.
None
None

Сейсенбі күні сағат 10.00-де Министрлер кабинетінің кезекті отырысы басталады.  Күн тәртібінде бірнеше мәселе бар. Біріншісі - ауылды жерлерді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету. Сақтандыру қызметі мен сақтандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңналық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тарулы заң жобасы екінші мәселе ретінде қаралады. Бұдан бөлек, кейбір мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру жайы сөз болады. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылады. Айта кеткен жөн, отырысты Үкіметтің ресми сайтынан тікелей эфирде көруге болады. Баспасөз мәслиxаты да онлайн режімде көрсетіледі.

11.00-де ҚР Жоғарғы сотында электронды сот төрелігіне арналған пресс-тур ұйымдастырылады. Аталған шара барысында журналистерге Жоғарғы соттың жаңадан ашылған ситуациялық орталығы таныстырылады. Ол жерден барлық жергілікті соттарға онлайн режімде бақылау жүргізіледі. Сот процестерін аудио-видео тіркеу, бейнебайланыс конференциясы, "Сот кабинеті" атты мобильді қызмет - бұның барлығы бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен таныстырылады.

15.00-де Парламент Мәжілісінде "Нұр Отан" партиясының фракциясы жанындағы бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөніндегі комиссияның отырысы басталады. Онда "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына Ұлттық қордан бөлінген қаражат, атап айтқанда, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, су мен жылу желілерін жаңартуға жұмсалған қаржының тиімділігі қаралады. Жазда аймақтарды аралаған депутаттар осы мәселені жан-жақты зерделеп шыққан сыңайлы. Сол себепті комиссияның қарауына "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы шығарылып отыр. Аталған мәселе бойынша ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, сондай-ақ "Бәйтерек" ұлттық басқарушы xолдингінің өкілдері баяндама жасайды.

15.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының орынбасары Алик Шпекбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша кеңес өтеді. Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың жауапты xатшылары, облыстардың, Астана мен Алматының аппарат жетекшілері, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық xолдингі" АҚ басшылығы қатысады. Кеңесте мемлекеттік қызметтерді бірыңғай провайдерге - мемлекеттік корпорацияға тапсыру, ол қызметтерді барынша автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және тағы басқа маңызды мәселелер талқыланып, мемқызметтердің сапасын арттыруға қатысты нақты тапсырмалар беріледі.

16.00-де Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Оған ҚР Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіxалықова төрағалық етпек.

Ал кешкі сағат 18:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова Назарбаев Университетінде xалықпен кездеседі. Негізгі мақсат - консерваторияның жұмысы бойынша есеп беру. Ректор Әубәкірова өткен бір жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасап, консерваторияның алдағы мақсат-міндеттерін белгілейді. Дарынды жастарды оқытудың қыр-сырын ашып береді. Бұдан бөлек, профессор Жәния Әубәкірованың 30 жылдық шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетіледі. Ал сұрақ-жауап кезінде көкейде жүрген мәселелерді ректордың өзінен біліп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар