26 желтоқсанда Қазақстанда өтетін ең маңызды оқиғалар

Бұл күні таңертеңгі сағат 10:00-де Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды бодырмау және кірісте салынатын салыққа қатысты салық салудан жалтарудың алдын алу туралы конвенцияны және оған хаттаманы ратификациялау» заң жобасы қарастырылады.
Сағат 11:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Дәл осы уақытта «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында NURINTECH 2017 инновациялық жобалардың республикалық жастар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты шара басталады.
14:30-да Мәжілісте «Киноматография туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылада. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы аясында ұйымдастырылатын іс-шарада Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Ақтоты Райымқұлова заңнамадағы жаңалықтар туралы баяндайтын болады.
АЛМАТЫ
11:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әлеуметтік тапсырмасымен «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру проблемалары» тақырыбымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Сағат 11:00-де Almaty Arena баспасөз орталығында Фируза Шәріпованың қатысуымен баспасөз мәслихаты болады.
Ал сағат 15:00-де Н.Дәулетова атындағы залда фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшедин Керімнің «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби ғұлама ғалым, ақын» кітабының тұсауы кесіледі.