27 жастағы ақтөбелік есірткі сатты деп айыпталуда

АҚТӨБЕ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жедел шараларды жүзеге асыру барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әбілқайыр хан даңғылының бойында есірткі сатады деген күдікпен 27 жастағы ақтөбелікті ұстады.
None
None

Облыстық ІІД өткізген брифинг барысында полицейлер хабарлағандай, полицейлер онымен үш мәрте жедел сатып алу әдісімен шамамен 3 грамм героин сатып алды.

Күдікті азамат осыған дейін ұрлық пен есірткі заттарын сақтағаны үшін сотты болған, «нашақор» ретінде арнайы есепте тұр. Сонымен қатар ол ұрлық жасауға қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып отыр.

Соңғы жаңалықтар