29 мамырда Қазақстанда Олимпиада күні атап өтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 мамырда Астана қ. «Елордалық» орталық мәдениет және демалыс саябағында Олимпиада күні тойланады. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Шара сағат 12.00 басталады деп жоспарланған.

Оның аясында балалар мен жастарға арналған спорттық ойын-сауық бағдарлама жасалды. Оның ішінде түрлі байқаулар, жарыстар және чемпиондармен кездесу бар. Қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп атап өтті ҚР ҰОК.

Шара Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен жыл сайын күллі әлемде өтеді.

Елімізде Олимпиада күнін атап өту игі дәстүрге айналды.
Бұл күн барлық облыс орталықтарында мерекеленеді. Шараны ҚР Ұлттық олимпиада комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырады.

Олимпиада күнін сонымен қатар «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ компаниялар тобы мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қолдады.

Соңғы жаңалықтар