3 тоқсанның қорытындысы бойынша 962 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері шығарылды - Ақтөбе облысының әкімі
Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, 3 тоқсанның қорытындысы бойынша 962 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Өндірістің барлық саласы бойынша өсім байқалуда, қосымша инвестиция тартылып, тауар айналымы артты.
«Біз қалған 3 ай ішінде 2011 жылдың жоспарын асыра орындаймыз деген сенімдемін», - деді әкім.
Әкім сондай-ақ Индустрияландыру картасына енген үшінші Жаңажол газ өндіру зауытының құрылысы жоғары қарқынмен іске асып келе жатқандығын атап өтті. 2014 жылға дейін жоба аяқталуы тиіс. А. Мұхамбетовтың сөзіне қарағанда, сол кезде өңірде газдың өнімі бірнеше рет өсіп, жылына 7 млрд. текше метрге дейін жетеді.
«Облыс жылына 2 млрд. текше метр газ тұтынады, қалған 5 млрд. текше метр газды кәдеге жаратып, іске асыра аламыз деген ойдамын», - деді ол.