30 мамырда Астанаға БАӘ Ғарыш агенттігінің төрағасы келеді

«Ғарышты бейбіт мақсатта бірлесіп зерттеу үшін өзара тиімді әріптестікті дамытудың жақсы келешегі бар. Бүгінде Қазақстан ғарыш технологиялары бар отыз мемлекеттің қатарында. Біріккен Араб Әмірліктері ғарыш саласын ілгері дамыту үшін және 2021 жылы Марсқа ғарыш зондын ұшыру үшін Ғарыш агенттігін құрғаны бәрімізге мәлім. ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті мен БАӘ Ғарыш агенттігі арасындағы ынтымақтастықтық дамуындағы оң қарқынды атап айқым келеді», - дей келе елші 30-31 мамыр күні Астанаға БАӘ Ғарыш агенттігінің төрағасы келеді деп хабарлады.
«Осы жылдың 30-31 мамырында БАӘ Ғарыш агенттігінің төрағасы доктор Халифа жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Екі ғарыш ведомствосы арасында меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлап отырмыз. Және аталған құжат ғарыш саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай күшейтетін құқықтық негіз болады», - деді Қ.Лама-Шариф.