30 жастағы ақтөбелік лаңкестікті насихаттағаны үшін сотталды

АҚТӨБЕ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 30 жастағы ақтөбелік лаңкестікті насихаттағаны үшін айыпты деп танылды. Ақтөбе қаласындағы №2 сот шешімімен ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлнұр Симатованың айтуынша, бұл адам 2010 жылғы қаңтардан 2011 жылғы ақпан айына дейін дәстүрлі ислам дінін ұстанатын үш ақтөбелікпен діни сабақтар өткізіп, лаңкестікті насихаттаған және тиісті әдебиеттер таратқан.

Көп ұзамай оның «оқушыларының» бірі лаңкестер жағында қарулы жиһадқа қатысу үшін Ауғанстандағы соғыс қимылдары аймағына баруге тілек білдірген. 2010 жылғы мамыр айында ол тағы бір жақтасын тауып, оның санасында да жиһадқа қатысу сезімін оятып, оның Ауғанстанға кетуге деген құлшынысына дем берген. 2010 жылғы наурыздан 2011 жылғы наурызға дейін ол қарулы «жиһад» жасау тақырыбына онымен әңгіме өткізіп, лаңкестікті насихаттайтын діни әдебиеттерден үзінділер келтірген.

Сот отырысында айыпталушы өзінің кінәсін мойындады және 2010 жылдан бастап «кәпірлерге» қарсы соғысқа шақыратын интернет-сайттардың ықпалымен лаңкестік ұйымдарға қосылып, Ауғанстан аумағында «қарулы жиһад» жасау тілегі пайда болған. Ол өзін жақтайтын адамдар іздеп, оларды өз жағына тартпақшы болған, интернет-сайттардан тиісті діни әдебиеттерді басып таратқан.

ҚР ҚК 5-бөлімінің 48-бабының «б» тармағы бойынша ақтөбелік жігітке жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтеуге үкім шығарылды. Сот үкіміне шағым болмағандықтан, ол заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар