30 желтоқсанда ел аймақтарының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
None
None

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен бірге жел 15-22 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі күтіліп, түнде өңірдің басым бөлігінде 15-20, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с, түнде кей жерлерінде бұрқасынмен бірге үдей түседі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, бұрқасынмен бірге желдің жылдамдығы 15-22 м/с күшейеді,

Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с болады.

Қызылорда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Соңғы жаңалықтар