31 жастағы ақтөбелік әйел өзінің інісін өлтірді

АҚТӨБЕ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ахтанов көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйдің ауласында сол жақ кеуде қуысына өткір зат сұғылған жарақат түріндегі  зорлық-зомбылықпен өлтіру белгісі бар 29 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Аталған мекенжай бойынша патрульдік полиция жасағы жіберілді. Оқиға орнында жәбірленушінің 31 жастағы апасы ұсталды. 13 қазан күні отбасылық жанжал кезінде ол өз інісін пышақтап өлтіргені анықталды.

Күдікті әйелдің сөзіне қарағанда, ол картоп тазалап отырған кезде үйге араққа сылқия тойған інісі келіп, онымен ұрыса бастады. Ашуға салынған апасы оған қолындағы пышақты сұғып алған, өткір зат інісінің жүрегіне тиді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 93-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Олар берекесі жоқ отбасы ретінде есепте тұр.

Соңғы жаңалықтар