33,5 млн. астам жалақы қарызын өтемеген кәсіпорын директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аудиторлық фирма мамандарының қатысуымен жүргізілген тексеру барысында аталмыш кәсіпорынның пайда тапқанына қарамастан, 262 қызметкер алдында 33558257,84 теңге көлемінде жалақы қарызы қордаланғаны анықталды. Жалақы төлеудің бұлайша кешігуі соңғы екі жыл бойына қайталанып отыр. 2011 жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың сәуіріне дейінгі 547 қызметкердің 62,296 млн. теңге алажағы Орал қаласы прокуратурасының араласуымен ғана өндірілген болатын. Сондай-ақ БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартып, 434740 теңге көлемінде айыппұл салса да, кәсіпорын ешқандай шара алған жоқ. Тапқан табыс басқа мақсатқа жұмсалған.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.