10:30, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
34 жастағы Алматы қаласының тұрғыны 226 грамм марихуанамен ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 8-і.ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ -«Қызылорда - Жезқазған» тасжолында Құмкөл кенішіне қарай бағыт алған «Тойота - Пикап» маркалы автокөлігінде келе жатқан жолаушылардың бірінен 226 грамм марихуана табылды.
Бұл есірткі заттарын Қызылорда облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәркіледі. Тексеру барысында Алматы қаласының 34 жастағы тұрғынының сол жақ қалтасынан полиэтилен пакетіне оралған ерекше иісі бар шөп шықты.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде